24-25 сәуірде Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК Дүниежүзілік шылым шегуден бас тарту күніне арналған «Шылым шегуден бас тарт» акциясы өтті.
Аталған акцияның мақсаты-студенттердің денсаулығына жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық мәдениетін тәрбиелеу. 1 курс студенттеріне колледж медбикесі «Темекінің зияны» атты дәріс оқыды.
Шылым шегушілерге кем дегенде бір күн бойы осы жаман әдеттен бас тартуды ұсынамыз. Бұл шылым шегу әдетінен арылудың алғашқы маңызды қадамы болуы әбден мүмкін.