Пішенбаев атындағы Тау-кен техникалық колледжінде атақты жерлесіміздің туғанына 180 жыл толуына орай «Халық геологы-Қосым Пішенбаев» диалог алаңы өтті.
Диалог алаңының жұмысына: «Достық Үйі» КММ Аналар кеңесінің төрағасы М. Ж. Сағындықова, «АНА ұлағаты» ҚБ өкілдері Р. Р. Рахметуллина және Ж. Р. Сұлтанғазинова, Қалалық өлкетану мұражайының маманы Айсәуле Талғат, Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің өкілі Ольга Викторовна және қала жастары қатысты.
Колледж қызметкерлері политехникалық колледж бен ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжінің студенттеріне Қосым Пішенбаев мұражайы бойынша экскурсия өткізді.