2024 жылғы 15 мамыр күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Екібастұз эксплуатациялық локомотив депосының өкілдері қала студенттерімен және оқушыларымен кездесу өткізді. Локомотив депосы бастығының орынбасары А.М.Сариев өз сөзінде бүгінгі жағдай туралы айтты.
Білім алушылар бейнероликтер көрді, сұранысқа ие мамандықтар туралы біліп, буклеттер таратылды.
Персонал менеджерлері студенттер мен оқушылардың практикадан өту, жұмысқа орналасу, еңбек жағдайы, сондай-ақ жас кадрларды қолдаудың әлеуметтік бағдарламасы бойынша сұрақтарына жауап берді.