2023-2024 оқу жылының аяқталуымен байланысты 2024 жылғы 22 мамыр күні Екібастұз қаласының ПБ КЖТІЖ УПИ полиция капитаны Г.Т. Бексултанова және полиция капитаны Каримова А.Б. колледжіміздің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Қазіргі таңда қоғамымыздың алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі – жастар арасындағы қылмыстардың көбеюін азайту жолдарын іздестіру және оларды алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады. Студенттерге жазғы уақытта рұқсат етілмеген су қоймаларына бармау, түнгі рейдтер, есірткі заттарының зияны және т.б. өзекті мәселелер толықтай қамтылды. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда заң аясындағы жауапкершілік туралы толық ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып белсенділік танытты. Біріңғай алдын алу күніне арналған кездесуде студенттеріміз мол мағлұмат алды.