2024 жылғы 23 мамыр күні колледжде жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтің туған күні қарсаңында «С. Нұрмағамбетов – халық үшін туылған батыр» тақырыбында бірыңғай сабақ тәрбие сағаты өткізілді.
Ел үшін туған, ел үшін ерлік көрсеткен осы батыр бабаларымыздың ішінде ерекше атап өтуге лайықты, есімі тарихқа алтын әріппен жазылған қазақтың батыр ұлы – Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Аты аңызға айналған батырдың жауынгерлік жолы Кеңес дәуірі мен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінің сабақтастығы мен тарихи өзара байланысын бейнелейді. Ел тарихында ерекше орны бар Сағадат Нұрмағамбетов өмірінің 50 жылдан астам уақытын әскери қызметке арнаған (1942 жылдан 1996 жылға дейін), тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің қалыптасу символына және парасаттылықтың, әдептіліктің, сондай-ақ өз ісіне, Отанына деген адалдықтың үлгісіне айналды.