Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қаланың жанында орналасқан мектептерде кәсіби бағдар беру шараларын өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды колледжде кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ өңірлерден талапкерлерді оқуға түсуге шақыру. Колледж ө/о шеберлері мен оқытушылары Байет, Шідерті, Атығай және тағы басқа мектептерде болды.
Іс-шара барысында колледжде кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы презентация және дәріс өткізді. 9 және 11 сынып оқушыларына колледж және оның білім беру бағдарламалары туралы буклеттер таратылды. Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.К.Кусаинова, аға шебер Е.Т.Касымов және жастар ісі жөніндегі инспектор А. К. Смаилова колледжде оқудың артықшылықтары туралы, яғни: заманауи материалдық-техникалық база; білікті оқытушылар құрамы жөнінде айтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда практикалық сабақтар мен іс-тәжирибелерден өту жөнінде, Екібастұз қаласының кәсіпорындарымен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары мүмкіндігін қамтамасыз ететіні, сондай-ақ қаладан тыс студенттер үшін жатақхана, шәкіртақы жайлы толық түсіндірілді.
Өткізілген кәсіби бағдар беру жұмысы Екібастұз жанындағы ауылдардағы мектеп оқушылары колледжде кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Бұл болашақ талапкерлерді ақпараттандыру ғана емес, сонымен қатар болашақта табысты және еңбек нарығында сұранысқа ие маман иесі болатынына дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.