22 мамыр күні Қайнарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Есірткіге қарсы stand up» іс-шарасы өтті. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары мен қала колледждерінің 1-2 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жастарды салауатты өмір салтын және белсенді бос уақытты насихаттауға, нашақорлық пен есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды жандандыру болды. Бағдарлама аясында жүлделі ойындар ойнатылды.
И.Темиргалиева жастарды осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.