Колледж студенттері мен қызметкерлері «Өмір сүр-Жер» экологиялық акциясына белсенді қатысты. Аталған акция өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, қоршаған ортаның экологиялық-әлеуметтік маңыздылығын арттыру, экологиялық таза аумақ қалыптастыруға бағытталған.
Колледж аумағында пластик, шыны және қағазды жеке-жеке жинауға арналған контейнерлер орнатылған. Сонымен қатар, әр апта сайын колледж қызметкерлері мен студенттері колледж аумақтарын тазарту жұмыстарына қатысады. Оқу орнының аумағын гүлдендіру, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Біз барлық қызметкерлер мен студенттерді «Өмір сүр-Жер» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Бәріміз бірге қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.