«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК базасында әскери-оқу-дала жиыны өтті, аталған іс-шараға Екібастұз қаласының барлық колледждері қатысты. Оқу-дала жиыны 5 күн қатарынан өтті.
Қатысушыларға саптық дайындығы, рельефті бағдарлауда, кедергілерден өту және практикалық сабақтар өткізілді. Осы іс-шараның арқасында студенттер дене шынықтырумен ғана қоймай, командалық рух, жауапкершілік және көшбасшылық дағдылар сияқты маңызды қасиеттерді дамытты. Іс-шараға белсенді қатысқан студенттер грамоталармен және жүлделі орындармен марапатталды.
Әскери-оқу-дала жиыны болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеудің маңызды кезеңі болып табылады. Студенттеріміз болашақта Қазақстанның Қарулы Күштеріне аянбай қызмет етуге дайын деген сенімдеміз!