4 маусым күні Павлодар қ. Естай атындағы сарайда алғаш рет «Mamandyg Fest» іс-шарасы өтті, оған Павлодар қаласының барлық колледждері қатысты, өңір оқушылары «Мамандық қаласы» көрмесімен және колледж студенттерінің стартап-жобаларымен танысты, «WorldSkillsPavlodar-2024» облыстық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттады, онда өңір басшысы А.Баиханов пен Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы С.Айтказина байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдармен, қаржылық сертификаттармен марапаттады. Колледждердің әлеуетті талапкерлері мамандықтар туралы ақпараттармен танысып, жабдықтарды қызығушылықпен қарап, оларды қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. «Mamandyg Fest» іс-шарасына колледждің әлеуметтік серіктесі «Railways Systems kz» ЖШС техникалық секторының бастығы Е.Т. Амренов қатысты.