Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Ту, Елтаңба және Әнұран-Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздер-ел дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік елтаңба–дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
2024 жылы 4 маусым күні орталық ту тұғырында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, онда колледж студенттері мен қатысушылары мемлекеттік әнұранды орындады.
Бұл күн бізге мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және ұлттық мәдениетіміздің негізі екенін еске салады.