2024 жылғы 21 маусым күні «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК басшысы Т.К. Акатаев колледж түлектерінің ата-аналары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» РММ өкілдері қатысқан жеке қабылдауын өткізді. Жеке қабылдау барысында ата -аналарға 18 жасқа толған колледж түлектеріне қазіргі уақытта Өскемен, Қарағанды қалаларында 1 жылға әскери борыштарын өтеуге мүмкіндіктері бары туралы айтылды. Сонымен қатар ата – аналарды мазалаған басқа да барлық сұрақтарына Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің өкілдері толық, нақты ақпараттар берді. Жеке қабылдаудан кейін 8 ата-ана өз балаларын әскер қатарына жіберуге ықылас білдірді. Бүгінгі күні әскер қатарына шақырылған студенттеріміз емтихандарын толық тапсырды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» РММ өкілдері ҚР Қарулы күштері туралы Заңы бойынша 18 жасқа толғаннан кейін кез келген азамат әскери борышын өтеуге міндетті. Жергілікті әскери комиссариат ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы заңының негізінде мерзімін кейінге қалдыру шешімін қабылдайтындығы жайлы ата-аналарды тағы да бір мәрте ақпараттанды.