Колледжде 1-қыркүйек жаңа оқу жылына арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Колледж басшысы Т. Акатаев бірінші курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, сөз сөйледі. Оларға жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, сонымен қатар шығармашылық табыс, жаңа бастамаларда сәттілік тіледі.
Содан соң студенттер кураторлармен танысты. Осы сәт мықты студенттер қауымдастығын құрудың алғашқы қадамы болып табылады.
Іс-шараны ұйымдастыруда оқу орнының өміріне белсенді қатысқан колледждің студенттік парламенті ажырамас рөл атқарды. Студенттердің осындай іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті және топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Аталған жиын бірінші курс студенттері үшін жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталды.

#Біртұтас_тәрбие