2024 жылғы 5 қыркүйекте Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында №72 топ студенттерімен «Менің отбасым- байлығым!» атты ұлттық отбасы күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: отбасына деген сүйіспеншілікті ұялату, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіну.
Кітапханаға отбасылық фотосуреттерімен №72 топ студенттері шақырылды. Кітапханашы О.В. Кожемяк қатысушыларды Ұлттық Отбасы күнімен құттықтап, отбасының екі тірегі асқау тау әке мен аялаған ана, оларға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу-әр баланың борышы, нағыз бақыт-бұл туыстарының қамқорлығын сезіну екенін айтты.
Студенттермен «Отбасының үш әлеуметтік рөлі», «Отбасыңыз туралы қандай сөздер айта аласыз?», «Отбасындағы тәрбие әдістері», «Отбасының жеті ережесі» атты тренинг-ойын өткізілді. Студенттердің барлығы белсене қатысып, берілген терминдермен бақытты отбасы қандай болу керектігін сипаттап, отбасы тәрбиесіне байланысты өз ұсыныстарын айтты.
Іс-шара соңында «Менің отбасылық суретім» челленджінде әркім өз фотосуретінің тарихымен бөлісті.