5 қыркүйекте «Машина жасау технологиясы» мамандығы №71 топ студенттері отбасы құндылықтарына арналған «Отбасылық альбом» атты челленджге қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің отбасылық қолдауды, сүйіспеншілік пен түсіністіктің қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өздерінің отбасылық суреттерін көрсетті.
Отбасы белгілі мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Челлендж барысында студенттер өздерінің отбасылық салт-дәстүрлерімен бөлісті, сондай-ақ отбасының маңызы және жақындары оқу мен өмірдегі жетістіктерге жетуге қалай көмектесетіні туралы айтты. Отбасы жайлы сөз қозғағанда әрбір жанның жүрегіне сөзсіз жылулық ұялатады. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.