Колледжде 2024 жылғы 18 қыркүйек күні өрт кезінде эвакуациялау жаттығуы өтті.
Бұл маңызды іс-шара қалалық Төтенше жағдайларды басқару жоспарының бөлігі болып табылады және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Жаттығудың негізгі мақсаты-төтенше жағдай туындаған кезде жылдам әрі қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығу кезінде төмендегі іс-әрекеттер орындалды:
– дабыл сигналдары және өрт кезінде сауатты іс-қимылдар мен дұрыс жүріп-тұру дағдылары үйретілді;
– барлық қызметкерлер мен студенттер ғимараттан шығып ашық алаңға жиналды;
– төтенше жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіздіктің негізгі тұстарына назар аударылды.
Әрбір қатысушы өз іс-әрекеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарады. Мұндай жаттығулар төтенше жағдайларда сабырлы болып қана қоймай, өмірді сақтап қалу үшін сенімді әрекет етуге үйретеді.
Қауіпсіздік-басты назарда!