2024 ж.26.09. күні  «Аманат» партиясы ғимаратында Павлодар облысының «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған  Екібастұз қаласының жастары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам-болашақтың кепілі!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында өткен эссе конкурсының жеңімпаздарын   марапаттау іс-шарасы өтті. Конкурсқа жас мамандар мен мектеп оқушылары және колледж студенттері қатысты. Біздің колледжден І курс студенті Куцевол Иван қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы Махметова Сандуғаш Темірболатқызы.

Көздеген мұрат – мақсаттарыңызға жетіп, армандарыңыз орындалсын! Келешегіңіз кемел, болашағыңыз нұрлы болсын!