2024 жылғы 4 желтоқсанда Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында №70 топ студенттерімен көрнекті мемлекет және қоғам қайтаркері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Нұртас Оңдасынов: Тұлға және тарих» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Кітапханашы О.В. Кожемяк студенттерге Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызметі, оның 1938-1951 жж.- Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің, Министрлер кеңесінің төрағасы, 1954-1955 жж. – Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы лауазымын атқарғаны және Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы баяндап берді.
Н.Д. Оңдасыновтың қолдауымен, дәл соғыс жылдарында Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты ашылады, Қазақ опера және балет театрының құрылысы аяқталады, Ғылым Академиясы ғимаратының іргетасы қаланады. Ол театр, кино өнеріне, баспасөзге күнделікті көңіл бөледі.
Үкімет төрағасы соғыс жылдарында Алматыға эвакуциямен көшіп келген «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларын жаңа орынға орналастырып, оларға мемлекеттік тапсырыс бойынша он шақты көркем және деректі фильдер түсіруге қажетті жағдай жасауды ұйымдастырады.
Н. Оңдасынов зейнетке шыққаннан кейін шығармашылыққа ден қояды. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсы-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді.
Түркістан облысындағы бірқатар мектептер мен көшелерге, Алматы қаласындағы бір көшеге Н. Оңдасыновтың есімі берілген. 2021 жылы Алматы қаласында Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновқа ескерткіш орнатылды.
Студенттер «Тұлға. Жүзі таза, қолы таза, ары таза азамат» атты бейнефильмнен Н. Оңдасынов туралы көптеген ақпараттармен танысты.