2025 жылғы 31 қаңтар күні колледжде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «StarPro: Мамандыққа жол» атты іс-шара өтті.
Кездесуге әлеуметтік серіктестер «RWS Systems KZ» ЖШС, «ЕЭК» «Восточный» кеніші АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС қатысты. Компания өкілдері өз ұйымдарының әлеуметтік саясаты туралы айтып, ақпараттық буклеттер таратып, 2025 жылдың түлектерін жұмысқа шақырды.
Қолдау мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы О.В. Новикова еңбекқорлық пен кәсіби дамуға ұмтылған студенттерге атаулы шәкіртақы сертификаттарын табыс етті.
Іс-шараға қонақ ретінде көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері және Шахтер даңқының кавалері, 1981 жылы колледжді бітірген «Құрмет» орденінің және «Еңбек ардагері» медалінің иегері К.Т.Үмбеталиев шақырылды. Сондай-ақ, бүгінгі күні «Шығыс» кеніші учаскесінде еңбек ететін жас токарь А.А. Жетбесбаев студенттерді табандылық пен өзін-өзі дамытуға шабыттандырып, кәсіби жолы тарихымен бөлісті.
Колледждің бітіру топтарының студенттері әр түрлі форматтағы өз мамандықтары туралы ақпараттар дайындады. Іс-шараға № 13 және 33 мектеп оқушылары конкурстарға қуана қатысып, соңында естелік ретінде сыйлықтар алды.
«StarPro: мамандық жолы» жай ғана мереке емес, студенттердің, түлектердің, мектеп оқушыларының және әлеуметтік серіктестердің қарым-қатынасы үшін маңызды алаң болды, жастарға мамандық таңдауға және одан әрі дамытуға көмектесті.