2025 жылғы 14 ақпанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында «оқуға құштар колледж» жобасы аясында № 72 топ студенттерімен «Махаббатпен кітап сыйла» атты Халықаралық кітап сыйлау күні атап өтілді.
Бұл күн кітапты ең жақсы сыйлық деп және оқуды қызықты әрі пайдалы іс-әрекет деп санайтындардың барлығын біріктіреді. Оның басты идеясы – қағаз кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретіндігін және жоғары технологиялар дәуірінде де құндылығын жоғалтпайтындығын көрсету. Бұл күні кітаптарды, ең алдымен, балаларға сыйға тарту дәстүрге айналған.
№ 72 топ студенттері екі командаға бөлініп, білгірлер байқауы мен «Батырды тап» кітап викторинасына қатысты. Іс-шара соңында Асель Кайратовна мен Ольга Викторовна әр студентке кітаптар сыйға тартты.