
2025 жылғы 27 ақпан күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледж студенттері Қалалық орталық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай Екібастұз қаласының «Полония» поляк орталығының төрағасы А.И. Ясинскиймен кездесуге шақырылды.
Кітапханашылар С. А.Левина мен З. Г. Құсайын Алғыс айту тарихы мен дәстүрлері туралы ақпараттармен бөлісті. Жер аударылған халықтар туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу барысында қонақ Батыс Украинадан Қазақстанға соғыс алдында күштеп қоныс аударған ата-аналары туралы естеліктерімен бөлісті. 1946 жылы дүниеге келген Антон Иосифович соғыстан кейінгі жылдардағы ауыртпалықтарды басқа халықтармен бірге қалай жеңгені туралы айтты.
Антон Иосифович өз өмірін Қазақстанмен байланыстырып, оны өзінің Отаны деп санайды. Достық үйінің «Полония» поляк орталығының төрағасы отбасылық ән ансамблімен концерттерде өнер көрсетеді, сонымен қатар монеталар мен медальдар жинаумен айналысады. Студенттер өмірбаянын тыңдай отыра, бірегей жинақтарды қызығушылықпен қарады. Ясинский А.И. өзінің лайықты демалысында спортпен айналысып, белсенді өмір салтын ұстанады.