Колледж жоспарына сәйкес 24.02.-28.02.2024 ж. аралығында жалпы білім беру пәндерінің апталығы өтті.
Іс-шараның мақсаты- студенттердің жалпы білім беру пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Пәндік апталық аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Математика пәнінің оқытушысы Н.К. Жусупов 1-2 курс студенттері арасында шахмат турнирін өткізді.
Колледждің студенттік кеңесі жалпы білім беретін пәндер бойынша стенгазеттер байқауын ұйымдастырды, № 69, 73, 68, 72, 60 топ студенттері белсенділік танытты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ЦӘК оқытушылары пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Апта соңында «Әлемнің ұлы тұлғалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Апта қорытындысы бойынша іс -шараларға қатысқан және жүлделі орын алған студенттер дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды.