2025 жылғы 08-09 сәуір аралығында Қ. Пішенбаева атындағы Екібастұз тау- кен-техникалық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде, №26, №21, №33, №13, №7, №6 қалалық мектептерінің 8-9 сынып оқушыларына арналған “Машина жасау технологиясы” және “Токарлық іс” мамандықтары бойынша Junior Skills бірегей чемпионаты өтті. Дәстүрлі жарыстардан айырмашылығы, бұл іс-шара мектеп оқушыларына өздерінің таланттарын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар нақты кәсіби қызмет атмосферасына енуге көмектесу үшін мастер-класс форматында ұйымдастырылды.
Чемпионаттың басты мақсаты оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылардың алуан түрлілігімен таныстыру және әрбір қатысушыға одан әрі кәсіби даму жолын таңдауға мүмкіндік беру болды.
Junior Skills чемпионаты мастер-класс форматында өткізілді, бұл оқушыларға өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетіп қана қоймай, оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіндік берді. Қатысушылар үшін бірнеше тақырыптық алаңдар дайындалды, бұл жерде мектеп оөушылары металл кесетін станоктарында өз бетінше жұмыс істеуге тырысты.
Junior Skills чемпионатының қорытындысы бойынша 1 орынды №21мектеп оқушысы Жанболатов Ислам және №13 мектеп оқушысы Сүлейменов Таир, 2 орынды №26 мектеп оқушысы Жоламан Саян және №21 мектеп оқушысы Худаев Юсуф, 3 орынды № 26 мектеп оқушысы Болат Нариман және № 13 мектеп оқушысы Тюрин Никита, жеңімпаздар дипломдармен, қатысқаны үшін сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар одан әрі жалғасады деп үміттенеміз, ал жастар болашақта өздеріне қажетті жоғары кәсіби маман болуға қызуғышылықтары жоғары болатына сенеміз.