2025 жылғы 10 сәуірде Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында №70 және №73 топ студенттерімен ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш – шексіз жол» атты космонавт тарихына экскурсия өткізді.
Кітапханашы О.В.Кожемяк студенттерге ғарышты игеруге үлкен үлес қосқан маңызды оқиғалар мен танымал адамдар туралы айтып берді. Содан кейін студенттер ғарыш туралы өз білімдерін көрсетті. Олар Астрономия, Күн жүйесінің планеталары, алғашқы ғарышкер Ю.А.Гагариннің ұшуы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері және тағы басқалар туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сұрақтарға көп жауап берген студенттер кітапхана атынан сыйлықтарға ие болды.