Колледж басшысы Акатаев Талгат Кабдешович, басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а. Кусаинова Меруерт Кобландиевна, педагог-психолог Мухамеджанова Тоты Мухамеджановна және куратор Махметова Сандугаш Темирболатовна атынан оқу орнының студенттері тұратын жасөспірімдер үйіне барды.
Сапар барысында колледж өкілдері білім алушыларға барып, тәрбиешілермен мазмұнды әңгімелесу өткізіп, студенттерге азық-түлік табыс етті. Олар Наурыз мейрамына орай өткізілген қайырымдық жәрмеңкесінен түскен қаражат есебінен сатып алынды.
Студенттерге көмек көрсету және қолдау колледж ұжымы жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Оқу жылы бойы мекеме қызметкерлері ерекше мұқтаж жандарға көңіл бөліп, оларға әрқашан қамқорлық жасайды.