
2025 жылдың 10 сәуірінде Қ Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай техникалық піндердің циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында өткен қалалық техникалық мамандықтар олимпиадасы өтті.
07240300 “Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу” мамандығы бойынша олимпиадаға үш оқу орнының екінші курс студенттері қатысты:
• Екібастұз политехникалық колледжі;
• Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
• Қ. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: теориялық және тәжірибелік, кәсіби білім мен дағдыларды шынайы жағдайға барынша жақын ортада қолдануға басты назар аударылды.
Олимпиаданың құрылымы бес модульден тұрды:
Модуль 1 — Тест тапсырмалары (Kahoot бағдарламасы).
Модуль 2 — Есепті аналитикалық және графикалық әдіспен шешу.
Модуль 3 — ЭКГ-8И типті тренажер-симуляторында экскаватормен көлік құралдарына жүк тиеу.
Модуль 4 — Алғашқы медициналық көмек көрсету.
Модуль 5 — Техникалық сызбаларды оқу.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Тлегенов Амирхан (К. Пшенбаев атындағы ЕТТК)
2 орын – Брунш Артём (ЕПК)
3 орын – Бондарь Руслан (К. Пшенбаев атындағы ЕТТК)
Барлық қатысушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтары мен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз! Мұндай іс-шаралар кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, оқуға деген ынтаны арттыруға және техникалық бағыттағы оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
#ЭГТКимКПшенбаева
#ЭкибастузскийгорнотехническийколледжимениКПшенбаева
#городскаяолимпиада
#техническиеспециальности
#профессиональныекомпетенции
#олимпиада2025