Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ERG компаниясы күнін өткізу дәстүрге айналды. Компания өкілдері студенттерге компанияның бүгінгі күні туралы айтып, бейнероликтер көрсетті және қызықты викториналық сұрақтар қойды, белсенді қатысқан студенттер сыйлықтарға ие болды.
Колледж студенттері өндіріске енгізілген жаңа технологиялар туралы ақпараттармен танысты, алдағы практика жайында және «Шығыс» кенішіне жұмысқа орналасу жөнінде сұрақтар қойды.