2024 жылғы 04 маусым күні Павлодар қ. Естай атындағы сарайында «World Skills Pavlodar-2024» аймақтық чемпионатының қорытындысы бойынша марапаттау іс-шарасы өтті. Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері 10 құзыреттілік бойынша қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша №67 топ студенті Шиве Эрнест «Сандық бағдарламамен басқарылатын станокта фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қола жүлдегері атанды, жетекшісі: Д.С.Каримова. «Үздік маман» медалінің иегерлері: «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша №52 топ студенті Асетова Диана жетекшісі: И.В.Юхименко және №48 топ студенті Баландин Вадим, жетекшісі: М.У.Мурзаханова, басқа қатысушылар сертификатпен марапатталды.