2024 ж. 19 қыркүйекте Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында 1-курс студенттері арасында Қазақстан халқы тілдерінің айлығына арналған «Ана тілім – арым бұл!» тақырыбында конкурс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және Қазақстан халқының дәстүрлері туралы білімді кеңейту.
Кітапханаға № 68, 69, 70, 71,72, 73 топтарының студенттері шақырылды. Кітапханашы О.В. Кожемяк студент қауымын Қазақстан халқы тілдері мерекесімен құттықтап, барлығына достық пен келісім тіледі.
Байқауға 23 студент қатысты. Олар қазақстандық ақындардың Отан, салт-дәстүрлер, халық достығы және бейбітшілік туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қазылар алқасының құрамына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары С.Т. Махметова, Н.П. Касаткина және А.Б. Қанышева қатысты. 1- орынға № 70 және №73 топтар, 2- орынға № 68 топ және 3- орынға № 71 және 72 топтар ие болды. Қазылар алқасы студенттерге оқуда табыс, жарқын болашақ және колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысуларын тіледі.