2024 жылдың 23 қазанында колледжде “Өркен” бағдарламасы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өту туралы әдістемелік сағат өтті, онда жас маман куратор, арнайы пәндер оқытушысы Астаева Айнұр Зуратовна ақпаратпен бөлісті. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ белгілері,салдары, себептері бойынша бірқатар тренингтер өткізді. Оқытушылардың эмоционалды жағдайға түсу себептеріне назар аударылды. Жалпы техникалық пәндер оқытушысы-Муқашева Айжан Джамбуловна “Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттіліктер” тақырыбында сөз сөйлеп, білім алушылардың сауаттылығы мен білім беру сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды қалай пайдалану керектігін, педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамытуды басты назарда екенін жеткізді. Әдістемелік сағат өте жоғары деңгейде өтті.