
2025 жылғы 19 ақпанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында №70 топ студенттерімен «Достықтың дархан ұясы!» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Кітапханашы О.В.Кожемяк студенттерге 1995 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтып берді.
Павлодар облысының Кіші Ассамблеясы туралы кітаптан студенттер Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының Ұлттық-мәдени орталықтары туралы білді. «Атамұра» ұлттық-мәдени орталығы Қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтап, насихаттайды. Екібастұз Достық үйінің қабырғасында қалада тұратын украин, белорус, поляк, неміс, әзірбайжан, корей және басқа да ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы жас ұрпаққа хабардар етуде.