Ақпан айында Жоғарғы инновациялық көпсалалы колледжінде «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі: қазіргі заманның сын-қатерлері және оларды шешу жолдары» талқылауға колледж басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сот, прокуратура, полиция, адвокатура және психологиялық қызмет өкілдері қатысты.

Сарапшылар жасөспірімдердердің құқықтық жауапкершілігі, олардың құқық қорғау органдарының қылмыстың алдын алудағы рөлі мәселелерін талқылады. Ерекше назар буллинг пен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемаларына аударылды. Дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау мен алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.

Қазіргі қоғам жағдайындағы жасөспірімдердің психикалық денсаулығының маңыздылығы мақсатында Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің педагог-психологы Т.М. Мұхамеджанова “Әлеуметтік тұлғалық проблемалардың жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсері” тақырыбында сөз сөйледі. Онда ол жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке мәселелеріне, психикалық денсаулық пен киберкеңістікке тәуелділікті анықтайтын факторларға назар аударды.

Дөнгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды және жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты күшейтуді ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды. Дөнгелек үстел сондай-ақ тәрбие жұмысындағы тәжірибе алмасудың, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен ТжКБ ұйымдары психологтарының педагогикалық тәжірибесін тарату мен қорытудың бір бөлігі болды.