2015 жылы 13 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының еңбек маусымының салтанатты жабылу сәті өтті. «Жасыл ел» жалпы ұлттық бастамашылығының 10 жылдығына арналған іс-шаралар кешені өткізілді. «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының қызметін іске асырудың 10 жылдық қорытындысы бойынша пресс-конференция,«Жасыл ел»:перспективтері мен бағыттары, викторина» жастар еңбек отрядын одан әрі дамытудың жаңа жолы» кеңесі өткізілді.
Салтанатты жиынға ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Үкіметтігі, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен жастар ұйымдарының басшылары, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының ұландары, ЖОО-ның студенттері, колледж студенттері қатысты.
Біздің оқу орнынан «Токарь» мамандығы бойынша 2 курс, №4 топ студенті Сапш Қуаныш қатысты.