04.03.2016 ж. Екібастұз қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырылуымен Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2014-2016 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар жоспары шеңберінде «Тіл – барлық білімнің кілті» орыс тілі білгірлерінің қалалық олимпиадасы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру. Байқауға колледждерде қазақ тілінде оқитын 6 студент қатысты.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең тапсырмасы – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 20 тест тапсырмалары. Тест 2 нұсқадан тұрады
2 кезең тапсырмасы – жазбаша бөлім: ұсынылған бір тақырыпқа эссе жазу. Эссенің көлемі 1,5-2 бет.
3 кезең тапсырмасы – орыс және орыс тілді қазақстандық әдебиет классиктерінің және қазіргі заманғы ақын-жазушылардың өмірбаяндарын қысқаша баяндайды, өзі дайындаған прозалық немесе поэзиялық шығармаларын жатқа оқу (орындау шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, өзін өзі ұстау мәдениетіне көніл бөлінді).
Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылар осындай шешім қабылдады:
1 орын – Қайыржан Наргуль (Инновациялық Еуразия Университетінің колледжі);
2 орын – Туғанбаев Мирас (Политехникалық колледж);
3 орын – Файзулин Елеман (Қ.Пішембаев атындағы тау-кен техникалық колледж).
Және бұл сайысты ұйымдастырып өткізген колледж әдіскері Жумабекова Р.А.-ға және орыс тілі оқытушы Батырханова Л.С.-ға алғыс хат берілді.