2016.02.06 күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шебері «Жас мамандар» мектебінің жыл бойғы шығармашылық есеп беру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шығармашылық есеп берудің мақсаты – жас мамандардың шығармашылық негіздерін арттыру, педагогикалық қызметке деген қызуғушылығына ықпал жасап, тәжірибе алмасуға әрекеттендіру; жас оқытушылар бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Аталмыш іс-шараға колледжіміздің 6 жас педагог оқытушылары қатысты.
Жас мамандар өздерінің тәлімгерлерімен бірге шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әр маман өзінің жұмыс жүйесін, жұмыстағы табыстары мен қиындықтарын презентация арқылы баяндады. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Жақыбай Әлия Мейрамқызы өзінің тәлімгері Махметова Сандуғаш Темірболатқызымен бірге көрсеткен шығармашылық есеп көрерменнің көңілінен шықты. Олардың тұсау кесер презентациясында жас маманның бала кезінен бастап, осы күнге дейінгі маман болып қалыптасу жолдары айқын көрсетілді. Көрсетілім өте қызықты әрі жаңа серпінде болды. Жас маман қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен әзірлеген оқу-әдістемелік кешені туралы да айрықша,қызықты мәлімет берді.
201-2016 оқу жылы жас мамандар үшін нәтижелі, жемісті жыл болды. Облыстық «Ағарту-эстафетасы» мектеп-фестиваліне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жақыбай Әлия Мейрамқызы мен өндірістік оқыту шебері Жаябаяева Гүлназ Амангелдіқызы қатысып, сертификаттарға ие болды, ал «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі Л. С. Батырханова Павлодар облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Өндірістік оқыту шеберлері Г. Б. Еркібаева және Л. К. Усембаева 2016. 29.04.- 2016. 13.05. аралығында 72 сағат көлемінде «Ақпараттық коммуникативтік технологияларды сабақ барысында қолдану» тақырыбында 72 сағат көлемінде арнайы курстан өтті. Осы оқу жылының шарықтау шегі өндірістік оқыту шебері Жадыра Еламанованың тәлімгері Лаура Батырханова екеуінің облыстық «Педагогикалық марафонға қатысып 18 колледж арасында жүлделі 3-орынға ие болуы көңілімізді ерекше қуанышқа толтырды.
Жас мамандарға болашақта жас өркен жастарға білім беру жолында талмай етулеріне ыстық лебіздер жолданып,Жадыра Еламановаға «Жас маман мектебінің түлегі» -деген куәлік берілді.
Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар дамыған заман ағымында, әр жаңа бастаудың басында жастар тұратыныа күмәніміз жоқ, сондықтан да, келешек өмірімізде Қазақстанның көгінде көк байрақты желбірететін жастар екеніне зор сеніммен қараймыз.