2017 жылы 19 қаңтарда Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде «ТжКББ жүйесінде оқытудың тиімділігін арттыру үшін белсенді әдістерді қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына Павлодар облысының «ПКҰО «Өрлеу» АҚ облыстық институтының жаттықтырушылары – филиалдың пәндерден сабақ беру әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Ж.Ахметниязова, деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы, аға оқытушы Т.Ю.Саворовская қатысты. Семинар шеңберінде АКТ-технологияларды қолдана отырып интерактивтік оқыту дағдыларын меңгеру, оқытудың белсенді әдістерінің рөлін терең түсінулері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар үдерісінде келесі мәселелер қарастырылды: оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану үшін белсенді оқытудың құралы ретінде кейс-технология, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,оқытудың тиімді әдістерінің пирамидасы.

Семинардың қорытындысын өткізу кезінде сауалдар қойылды, семинардың тақырыбы бойынша өзекті мәселелер талқыланды, оқыту нәтижелерінің тиімділігін арттыру үшін белсенді әдістерді қолдану бойынша міндеттері анықталды.

Семинардың соңында колледж басшысы С.У.Алекпарова, инженерлік-педагогикалық ұжым осындай ауқымды жұмысы үшін алғыстарын білдірді.

Болашақта бұдан әрі қарым-қатынас жасауға үміттенеміз!!!