Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 22 мамырда «Ата- мұра» орталығында қаланың оқу орындарының білім алушылары, студенттері арасында қалалық үштұғырлық олимпиадасы өткізілді.
Қаланың алты оқу орнынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің үздік білгірлері өздерінің білімдері мен эрудициясын көрсету үшін жиналды.
Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушыларға берілген тақырыптың мазмұнын мемлекеттік тілде толық ашу ұсынылды. Екінші кезеңінде берілген тақырып бойынша Астананың 20-жылдығына арналған ағылшын тілінде эссе жазу. Эссенің көлемі 150 сөз. Олимпиаданың үшінші кезеңінде қазақ тілінен берілген тақырып бойынша орыс тіліне ілеспе аударма жасау ұсынылды. Конкурсанттар «Сакралды Қазақстан»: өткенсіз келешек жоқ», «Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында», «Менің білімім – менің капиталым» және т.б. тақырыптарында шешендік өнері мен эрудициясын көрсетті. Қалалық тілдер олимпиадасы салтанатты марапаттау сәтімен тәмамдалды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК студенті Игнатов Кирилл Алғыс хатпен марапатталды. (оқытушы У. Акмолдина.). Барлық қатысушылар Екібастұз қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломымен, сертификатымен, ақшалай сыйақысымен марапатталды.