«Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы» Республикалық ақпараттық кампанияның іс-шаралар жоспарын өткізу щеңберінде Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау- кен техникалық колледжінің 1 және 2 курс студенттері арасында «Жақсылық тіле және жақсылық жаса», «Адамзаттың мәңгілік құндылықтары», «Жақсылық әр жүректе өмір сүрсін» және т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өтті. Олар мейірімділік, игі істер жасауға деген ұмтылыс сияқты қасиеттерді тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтты. Студенттер адамзаттың мәңгілік құндылықтары олар:абырой, ар-ождан, махаббат, ақиқат, тектілік, жанның сұлулығы туралы қызығушылықпен айтты. Студенттер жоғарыда айтылған сезімдерді іс-әрекеттерде, қалай көрсететіндерін ортаға салды. Нақты өмірлік жағдайларды талдауды үйренді.
Осындай сынып сағаттарды жиі өткізу студенттерге мейірімділік, толеранттылық пен шынайылықты тәрбиелеу үшін өте қажет.
Осылайша, адамгершілік тәрбиесінің негіздері ғана емес, сонымен қатар оларда «лайықты өмір» ұғымын анықтайтын негізгі адами құндылықтар туралы идеялар қалыптасады.