Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің
№ 36-топ”Токарь” студенттері мен ата-аналары 2021 жылы еліміз атап өтетін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “30 игі іс” акциясына белсенді қатысты. Әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларын “30 игі іс”ұранымен өткізді. Қайырымдылық эстафетасына колледжіміздің студенттері мен қаланың жанашыр тұрғындары қатысты, олардың ішінде кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысы, қоғам қайраткерлері болды. Акцияға қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көп балалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек көрсетті.