2021 жылы 20 мамыр күні колледжде «Жас маман мектебінің түлектері-2021» атты әдістемелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты-жас маманды заманауи білім беру жағдайында сәтті бейімдеу, жас педагогтардың кәсіби дағдыларын, оның ішінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлі құралдарын қолдану дағдыларын, студенттермен қарым-қатынас психологиясын дамыту болып табылады.

ЖММ сабағының басты артықшылығы жас педагогтердің алған білімі мен іскерлігі- бұл олардың шығармашылығы мен жетістіктерінің кепілі болып табылады.

ЖММ жетекшісі С.М. Зейнулина  өндірістік оқыту шебері Б.Б. Исаев пен А.М.Умарова 3 жыл ішінде халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ ашық және сыныптан тыс іс-шаралар өткізді, облыста рецензиясы бар дидактикалық материалдар жинағын жасағанын атап өтті.

Колледж әдіскері Р.А.Жумабекова кәсіби қызметте жетістіктер мен шығармашылық табыс тилей отыра жас маман куәлігін табыс етті.

Құттықтаймыз!