2021 жылғы 02 ақпанда онлайн-форматта Павлодар облысы колледждерінің әдіскерлері үшін «Қашықтықтан оқыту режимінде инновациялық білім беру технологияларын іске асыру» тақырыбы бойынша пікірталас алаңы өтті. Пікірталас алаңының модераторы – Павлодар облысы колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы Р.Жумабекова.
Пікірталас алаңының мақсаты: қашықтықтан оқыту режимінде инновациялық білім беру технологияларын іске асыру.
Пікірталас алаңы барысында облыс әдіскерлері әртүрлі формалар, әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды іске асыру кезінде жұмыс тәжірибесімен алмасты. Қатысушылар пікірталас алаңының өткізу деңгейін жоғары бағалады.