Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі” КМҚК психолог Т. Мұхамеджанова “Жасөспірім және Заң”тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты-кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу. Іс-шара барысында қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, жауапкершілік мәселелері қаралды. Студенттер түрлі жағдайларды талдап, жасөспірімдер арасында қандай қылмыстар жиі кездесетінін талқылады. Студенттер 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін сотталған қылмыстарды қарастырып және жауапкершілік – бұл қажеттілік, олардың әрекеттері үшін жауап беру міндеті деген қорытындыға келді.