Қымбатты достар!

Құрметті сайтқа қатысушылар мен пайдаланушылар!

  Колледждің 50 жылдығы қарсаңында мен біздің білім беру мекемесінің құрылуына және қалыптасуына өз үлестерін қосқан әріптестеріме және студенттерге, ата-аналарға, біздің әлеуметтік серіктестерімізге, жұмыс берушілерге, бізбен тығыз байланыста қарым-қатынас жасайтын тұлғалардың барлығына үндеймін.  

 Жарты ғасыр бұрын №163 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі құрылды. Алғашқы директоры Садралин Рауя Ахметович болды. Тау-кен өнеркәсібі үшін кадрлар дайындау экскаватор машинисі, тартымдылық агрегат машинисінің көмекшісі,токарь, сылақшы, тас қалаушы, слесарь-электрмонтажшы, аспаз, газэлектрдәнекерлеуші мамандықтары (біліктіліктері) бойынша жүзеге асырылды.

Бүгінде Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2 оқу кабинеті, 1 өндірістік корпусы, 3 спорт залы, стадион, кітапхана, асхана бар. Сабақтар жабдықталған кабинеттер мен шеберханаларда өткізіледі.

 Колледжде келесі қажетті мамандықтар мен біліктіліктер бойынша 390 студент білім алады:

0706000 «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу»:

0706012  «Экскаватор машинисі»;

0706032 «Бұрғылау қондырғысының машинисі»;

1108000 «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»:

1108072 «Электровоз машинисінің көмекшісі»;

1108062 «Тепловоз машинисінің көмекшісі»;

1115000 «Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар»:

1115042 «Электржабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер»;

1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу»:

1109012 «Токарь»;

1109062 «Фрезерлеуші»;

1109113 «Техник-механик»;

1114000 «Дәнекерлеу ісі»:

1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші»;

1114032 «Дәнекерлеу жұмыстарының бақылаушысы»;

0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану»:

0510012 «Хатшы – референт»;

1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»:

1211062 «Тігінші»;

1211052 «Киім конструкторы»;

1211083 «Модельер-конструкторы».

Бізде Павлодар облысының еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды кәсіби даярлаудың  7 бағдарламасы іске асырылады.

 Колледжде кадрларды дайындауда инновациялық-педагогикалық және ақпараттық технологияларды жете меңгерген 53-тен аса тәжірибелі педагогтар жұмыс істейді.

Кадрларды сапалы дайындау үшін колледжде қажетті жағдайлар жасалған: оқу зертханалары бар заманауи материалдық-техникалық базасы, кабинеттер мен шеберханалар, кітапхана, Интернет желісі бар.

Колледж студенттері жыл сайын облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, олимпиадалар мен жарыстарға қатысады және жеңімпаздар мен лауреаттар атанады. Колледж ұжымы форумдарға, байқауларға, жәрмеңкелерге белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен Алғыс хаттарды иеленді.

Осы жылдар ішінде колледжде 14 мың ер балалар мен қыздар және ересек адамдар кәсіптік білім алды. Көпшілігі білікті жұмысшылар, тамаша мамандар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары болды.

Колледж түлектері біздің колледждің ар-намысын сақтай отырып,еліміздің барлық аймақтарында және алыс, жақын шетелдерде жұмыс істейді.

Екібастұз тау-кен техникалық колледжі мақтануға тұрарлық:

  • бұл білім беру деңгейі мен сапасы,
  • бұл инновациялық бағыттар,
  • бұл ұжым,
  • бұл түлектер мен студенттер,
  • бұл көптеген достарымыз бен серіктестеріміз!

Бұл бөлімді біз колледждің мерейтойына арнаймыз!

Сіздер egtk_k.pshenbaeva@mail.ru электрондық поштаның мекенжайына жібере аласыздар немесе Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп көшесі, 23 мекенжайындағы колледжге келіп өздеріңіздің колледж өмірінің әртүрлі кезеңіндегі оқу немесе жұмыс туралы естеліктеріңізді айтып, колледж ұжымына  пікірлеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.

 Біз сіздермен сөйлесуге қуаныштымыз! Сіздердің материалдарыңызды біз колледждің egtkimkp.kz сайтына жариялаймыз және «Беттердің тарих парақтарын ашыңыз» колледж туралы кітапқа жинаймыз.