Сәуір айының 13 нен 20 на дейін колледжде I – II курс студенттері арасында математика, информатика және сызу пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары жаратылыстану-математикалық бірлестігінде қаралып, колледж әдіскерінің қолдауымен бекітілді.
Апталық барысында оқытушылар ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, әр түрлі ойындар, математикалық газеттер мен жоғарыда аталған пәндерге арналған дидактикалық материалдар көрмесі. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні, яғни
Дүйсенбі 13.04.15ж жалпы колледждік линейкада №95, №99 топ студенттері , математика, информатика, сызу пәндерінің маңыздылығын білдіретін өлеңдерді оқып, апталықтың жоспарын хабарлады.
Сейсенбі күні, 14.04. информатика пәнінен I – II курс студенттері арасында «Марафон» атты интеллектуалды ойын өткізіліп, №3 топ студенті Егубаев Ерназар I орынға, №1 топ студенті Атанов Никита II орынға, №2 топ студенті Ахметов Ерсін III орынға ие болды. Ойынға қатысушылар грамотамен, ақшалай және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Сәрсенбі күні 15.04. математика пәнінен «Жұлдызды сәт» атты ашық іс-шараға №4,№6,№97,№98 қазақ топтарының студенттері қатысып, «Восток» және «Апаллон» командаларына бөлініп, ғарыш күніне арналған математикалық сайыс өткізді. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындар секілді турлардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Екі топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті. Сайысқа белсене қатысқан №6 топ студенті Колумбаева Ризагүл грамотамен мадақталды
Бейсенбі күні 16.04. сызу пәнінен I – II курс студенттері арасында «Кто станет магистром» сайысы болды. Сайыс өте қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар өз білімдерінің шыңын көрсетіп қоймай, білімдерін одан әрі жетілдіре түсті. Сайысқа қатысушылардың ішінде №5 топ студенті Анапин Тимур өзін ерекше көрсетіп, грамотамен мадақталды және барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Жұма күні 17.04. Апталық барысында I – II курс студенттері арасында ұйымдастырылған математикалық газеттер мен дидактикалық материалдар сайысы, сызу пәнінен көлемді композициялар сайысы, информатика пәнінен макеттер жасау сайысытарының қорытындыларын шығарып, студенттердің жасаған шығармашылық материалдарынан көрме ұйымдастырылды.
Дүйсенбі күні 20.04. Апталықтың қорытындысы жалпы колледждік линейкада, I – II курс студенттерінің жетістіктері мен кемшіліктерін ескере отырып, хабарланды. Қорытынды бойынша II –ші орындарға №5 және №6 топ студенттері, ал III-ші орынға №99 топ студеттері ие болды.