2015 жылы 22 мамырда Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі базасында орта кәсіптік оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Семинардың тақырыбы: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Мақсаты: жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен екі ашық сабақ өткізілді. Сабақта жаңа бағыттағы ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдері қолданылды. Сабақ жоғары деңгейде, тиімді әрі ұтымды болды. Соңында қатысқан пән мұғалімдерінің пікірлері тыңдалып, алғыстарын білдірді. Сабақтан кейін колледждің шеберханаларына саяхат жасалды. Саяхат кезінде нұсқаушы-шеберлер жетекшілік етіп, жаңа станоктармен таныстырды. Семинарды ұйымдастырған жетекшілер мен оқытушыларға алғыс айтамыз және шығармашылық табыстар тілейміз.