Біздің колледжде «Жылжымалы құрам» апталығы шеңберінде «21- ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын келесі 3 кезеңнен тұрды : «Бәйге» тест сұрақтарына жауап беру, «Полиглот» – жұмбақтың жауабын орыс тіліне, ағылшын тіліне аудару керек, «Жорға» -өндірістік оқыту мен арнайы технология пәнінен сұрақтарға жауап беру. Әр кезең сайын қазылардың қорытындысы бойынша 2 қатысушы ойыннан шығып отырады.
Жеңіскерлерді шағын сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Құттықтаймыз!