2017 жылғы мамыр айының 15 мен 26 аралығында 72 сағат көлемінде «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру колледж базасында «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысының білім беру кәсіби және техникалық кабинетінің ұйымдастырумен халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті. Қайта даярлау курсының мақсаты: Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқу үдерісіне енгізу. Қайта даярлау курсын өткізген тренерлер: Пронякина Н.А., Нурмагамбетова Д.К. Аталмыш курсқа 22 тыңдаушы қатысты. Курстың тыңдаушылары өздерінің модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқу үдерісіне енгізуін қорғады. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.