Қазіргі таңда тәлімгерлік жетекшілікке үлкен назар аудырылуда, өйткені қиын да, қызықта педагогикалық бастамалардың қатысу көзі болуға, жас маман бойына кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда, тәжірибелік пен теорияны ұштастыруға өзінің озық ойларымен, тәжірибесімен бөлісе алатын адам – ол ұстаз, тәлімгер.

2017 ж. 30 мамыр күні «Жас маман мектебінде» А.Ж. Исинаның жетекшілігімен біздің колледжде «Озық ойлар аукционы» шығармашылық есеп конкурсы ұйымдастырылды. Жас оқытушы Ә.М. Жақыбай және өндірістік оқыту шеберлері Л.К. Усембаева, И.К. Балуанова өз презентацияларын ұсынды, оқу үдерісінде студенттермен өткізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, сынақтан өткізілген баспа өнімдерін көрсетті. Іс-шара аяғында келесі оқу жылына әзірлеген жоспарларымен, педагогикалық ойларымен бөлісті.

Әзіл қазылар, колледж әдіскері, арнайы пән оқытушылары шешімімен электрмонтаж ісі бойынша электрондық оқулықтар және оқу-әдістемелік комплексін құруға ұсыныс жасалды.

Қызметін жаңадан бастаушы ұстаз мектебіндегі оқуын табысты бітіргенін куәлікпен марапатталды. Жас мамандардың бейімдеу кезені сәтті өтті. Сайыстың соңында қатысушыларға жасөспірімдерді тәрбиелеу жолында табысқа жете берулеріне тәлімгерлері тілек айтып, сыйлықтар тапсырылды.