16.11. күні Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Латын әліпбиіне ауысу-ұлттық сананың жаңғыруы» тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырылды . Іс-шараға 1-2 курс студенттері белсенді қатысты.Қазақ тілі мен әдебиет оқытушылары С.Т. Махметова мен Ү. Қ. Ақмолдина күн тақырыбына келесі сұрақтарды енгізді: 1.Кириллицадан латынға дейін.

2.Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау.3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тарату және жүзеге асыру. Студенттер берілген сұрақтар бойынша үйден дайындап келген материалдарын,презентацияларын аргумент ретінде ұсынды. Іс-шараның соңы ерекше өтті,1 курс студенттері С.Торайғыров,М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың өлеңдерін мәнерлеп оқып,хормен «Жаса, тілім» әнін айтып,кешті аяқтады.