2017ж. 21 қараша күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде « Білімнің бастау жолдары…» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері Н.И. Аксенова, М.Г.Маханькова, Л.И.Власова, А.Х. Чжен кездесуге шақырылды.
Талдауға үш сұрақ ұсынылды:
1.Педагог- ең қиын да күрделі мамандық. Ол алғашқы қадамнан,зейнеткерлікке дейін-шыдамдылық пен жігерлікті талап етеді. «Ұстаз-деген жүректің батырлығы»
2. Оқудағы жетістіктерге қарамастан,үлкен мүмкіндіктер мен таңдауларға жол ашатын колледж-біздің ортақ үйіміз.
3.Біздің ортақ үйіміз ол-өмірдегі таңдаған мамандығыңның жолымен жүру,бойыңа мейірбандық, сүйіспеншілік, шынайылық, сұлулық қасиеттерді қалыптастыру.
Студенттер ардагер ұстаздарға олардың өмірлерінде кездескен қызық оқиғалар туралы сұрақтар қойып,берілген сұрақтарды қызу талқылады. Пікіралысу өте мазмұнды өтті. Іс-шараның соңында бірінші курс студенттері қазақ-орыс тілдерінде өлеңдер оқыды,ұстаздар алғыстарын білдіріп, жас ұрпаққа жүрекжарды тілектерін айтты.